"1-мамыр Бірлік күні" Ертеңгілік » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "1-мамыр Бірлік күні" Ертеңгілік
30
сәуір
2026

"1-мамыр Бірлік күні" Ертеңгілік

1 МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІК КҮНІ
Балабақшамызда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті.
Бірлік пен татулық — еліміздің ең басты құндылықтарының бірі. Бұл мереке халқымыздың достығын, өзара сыйластығын және ынтымағын дәріптейді.
Мерекелік ертеңгілікте бүлдіршіндеріміз достық туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, әсем билер орындады. Балалар бірлік пен достықтың маңызын түсініп, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды үйренді.
Балабақшамыздың бүлдіршіндері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, достықтың қадірін сезінді.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!
1 мамыр — Бірлік күні құтты болсын!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив