"Наурыз жыл басы" мерекелік іс-шара » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Наурыз жыл басы" мерекелік іс-шара
18
наурыз
2026

"Наурыз жыл басы" мерекелік іс-шара

«НАУРЫЗ — ЖЫЛ БАСЫ»
Балабақшамызда халқымыздың ежелден келе жатқан ұлы мерекесі — Наурыз мейрамына арналған «Наурыз — жыл басы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Наурыз — жаңарудың, берекенің, татулық пен бірліктің бастауы. Бұл күні табиғат түлеп, жаңа жыл жаңа үмітпен басталады.
Мерекелік ертеңгілікте бүлдіршіндеріміз ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеді.
Балалар ұлттық ойындарға қатысып, халқымыздың ұлттық құндылықтарымен танысты. Ақ дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылып, мерекелік көңіл күй қалыптасты.
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық, амандық пен қуаныш әкелсін!
Наурыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив