"7-мамыр Отан қорғаушылар күні" » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "7-мамыр Отан қорғаушылар күні"
06
мамыр
2026

"7-мамыр Отан қорғаушылар күні"

7 МАМЫР — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Балабақшамызда 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті.
Отанды қорғау, елге қызмет ету, туған жерді қастерлеу — әр азаматтың қасиетті борышы. Осы мереке арқылы бүлдіршіндерімізге Отанға деген сүйіспеншілік пен елжандылықтың маңызын түсіндіру мақсатында түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды.
Ертеңгілік барысында балалар Отан, туған жер туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, әсем билер орындады. Ұлдарымыз батылдық пен ептіліктерін сынайтын көңілді сайыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі — баршамыз үшін үлкен құндылық.
Барша Отан қорғаушыларын 7 мамыр мерекесімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, елге тыныштық, зор денсаулық тілейміз.
Отанымыз аман, еліміз тыныш, көк Туымыз әрдайым биікте желбіресін!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив