26
мамыр
2026
"Қош бол балабақша!"
«ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША!»
Балабақшамызда бүлдіршіндеріміздің балабақшамен қоштасуына арналған мерекелік ертеңгілік өтті.
Балалық шақтың ең қызықты әрі бақытты кезеңдерінің бірі болған балабақша қабырғасында балаларымыз талай қызықты сәттерді бастан өткерді. Алғашқы достарын тауып, алғашқы әндерін айтып, тақпақтарын жаттап, көп нәрсені үйренді.
Бүгін сол бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасып, жаңа өмірдің алғашқы баспалдағы — мектепке қадам басқалы отыр.
Мерекелік кеш барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, өз өнерлерін көрсетті. Тәрбиешілеріне, ата-аналарына деген жылы тілектерін білдірді.
Қымбатты түлектеріміз, алдарыңнан ақ жол ашылсын! Мектеп табалдырығын қуанышпен аттап, білімге құштар, тәрбиелі, елін сүйетін азамат болып өсіңдер.
Балабақшадағы тәтті естеліктер жүректеріңде мәңгі сақталсын!
Қош бол, балабақша!
Сәлем, мектеп!
Ақ жол, жас түлектер!