Материалы за Қыркүйек 2026 года » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2026 года
"Сызықтар әлемі" Еркеназ МАД тобы
28
қыркүйек
2026
"Сызықтар әлемі" Еркеназ МАД тобы
Тақырыбы: «Сызықтар әлемі» Бүгін мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері дәптермен жұмыс жасап, әртүрлі сызықтарды бастырып сызды. Бұл жаттығулар балалардың қол саусақтарының қимыл-қозғалысын жетілдіріп, ұсақ қол моторикасын дамытуға, қаламды дұрыс ұстауға және жазуға деген дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір бастырылған сызық – баланың жазуға жасаған алғашқы қадамы!
"Күзгі жапырақтар" Айым тобы орта топ
24
қыркүйек
2026
"Күзгі жапырақтар" Айым тобы орта топ
«Күзгі жапырақтар» Орта топ балалары түрлі түсті қима қағаздарды пайдалана отырып, күзгі жапырақтарды толықтырды. Балалар қағаз бөліктерін ұқыпты орналастырып, жапырақ бейнесін әсем безендірді. Бұл шығармашылық жұмыс барысында балалардың ұсақ қол моторикасы, түстерді ажырату қабілеті, зейіні мен қиялы дамыды. Сонымен қатар, күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысып, табиғаттың әсемдігін сезіне білді.
"Менің айдай анам" "Нұрай" кіші топ
17
қыркүйек
2026
"Менің айдай анам" "Нұрай" кіші топ
«Менің айдай анам» Кіші топ бүлдіршіндерімен «Менің айдай анам» тақырыбында көңілді ән сабағы өтті. Сабақ барысында балалар анаға деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізіп, әуен ырғағын тыңдап, бірге орындауға тырысты. Ән айту арқылы балалардың музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтау қабілеті және шығармашылық белсенділігі дамыды. Ана – әр баланың жүрегіндегі ең қымбат жан. Балалардың әсем әні аналарға деген ыстық ықыластың кішкентай ғана көрінісі.
"1-қыркүйек Білім күні"
16
қыркүйек
2026
"1-қыркүйек Білім күні"
1 ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ Балабақшамызда жаңа оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек — Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Білім — баланың болашағына бастар алғашқы қадам. Жаңа оқу жылы бүлдіршіндерімізге жаңа білім, жаңа достар, қызықты жаңалықтар мен жарқын жетістіктер әкелсін. Мерекелік шара барысында балалар ән айтып, тақпақтарын мәнерлеп оқып, көңілді ойындарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жаңа оқу жылында әр бүлдіршіннің қадамы нық, арманы биік, болашағы жарқын болсын! Барша
"Түстер әлемі"
01
қыркүйек
2026
"Түстер әлемі"
«Түстер әлемі» тақырыбында кіші топ тәрбиеленушілерімен бояу сабағы ұйымдастырылды. Балалар түрлі түстерді ажыратып, дайын суреттерді гуашь бояуларымен бояды. Сабақ барысында балалардың түстерді тану, ұсақ қол моторикасын дамыту, зейінін шоғырландыру және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Әр баланың бояған суреті – оның шығармашылығы мен қиялының көрінісі.