24
маусым
2026
"Жүгері патшалығы"
«ЖҮГЕРІ ПАТШАЛЫҒЫ»
Балабақшамызда балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қиялын ұштау және қол еңбегіне қызығушылығын арттыру мақсатында «Жүгері патшалығы» атты қолдан костюм жасау сайыс-сабағы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында бүлдіршіндер мен ата-аналар өз қиялдарына ерік беріп, жүгері тақырыбына сай ерекше әрі әдемі костюмдер дайындады.
Қолдан жасалған әрбір костюмнен балалардың тапқырлығы, шығармашылығы мен еңбегі көрініс тапты. Түрлі материалдарды тиімді пайдалана отырып, ерекше образдар жасап, өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл сайыс балаларға қызықты көңіл-күй сыйлап қана қоймай, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, шығармашылыққа және бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиеледі.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ерекше идеялары үшін алғысымызды білдіреміз!
Шығармашылыққа қанат бітіріп, қиялға еркіндік берейік!