Біз туралы » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сызықтар әлемі" Еркеназ МАД тобы
28
қыркүйек
2026
"Сызықтар әлемі" Еркеназ МАД тобы
Тақырыбы: «Сызықтар әлемі» Бүгін мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері дәптермен жұмыс жасап, әртүрлі сызықтарды бастырып сызды. Бұл жаттығулар балалардың қол саусақтарының қимыл-қозғалысын жетілдіріп, ұсақ қол моторикасын дамытуға, қаламды дұрыс ұстауға және жазуға деген дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір бастырылған сызық – баланың жазуға жасаған алғашқы қадамы!
"Күзгі жапырақтар" Айым тобы орта топ
24
қыркүйек
2026
"Күзгі жапырақтар" Айым тобы орта топ
«Күзгі жапырақтар» Орта топ балалары түрлі түсті қима қағаздарды пайдалана отырып, күзгі жапырақтарды толықтырды. Балалар қағаз бөліктерін ұқыпты орналастырып, жапырақ бейнесін әсем безендірді. Бұл шығармашылық жұмыс барысында балалардың ұсақ қол моторикасы, түстерді ажырату қабілеті, зейіні мен қиялы дамыды. Сонымен қатар, күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысып, табиғаттың әсемдігін сезіне білді.
"Менің айдай анам" "Нұрай" кіші топ
17
қыркүйек
2026
"Менің айдай анам" "Нұрай" кіші топ
«Менің айдай анам» Кіші топ бүлдіршіндерімен «Менің айдай анам» тақырыбында көңілді ән сабағы өтті. Сабақ барысында балалар анаға деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізіп, әуен ырғағын тыңдап, бірге орындауға тырысты. Ән айту арқылы балалардың музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтау қабілеті және шығармашылық белсенділігі дамыды. Ана – әр баланың жүрегіндегі ең қымбат жан. Балалардың әсем әні аналарға деген ыстық ықыластың кішкентай ғана көрінісі.
"Түстер әлемі"
01
қыркүйек
2026
"Түстер әлемі"
«Түстер әлемі» тақырыбында кіші топ тәрбиеленушілерімен бояу сабағы ұйымдастырылды. Балалар түрлі түстерді ажыратып, дайын суреттерді гуашь бояуларымен бояды. Сабақ барысында балалардың түстерді тану, ұсақ қол моторикасын дамыту, зейінін шоғырландыру және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Әр баланың бояған суреті – оның шығармашылығы мен қиялының көрінісі.
"Түрлі түсті көбелек"
14
шілде
2026
"Түрлі түсті көбелек"
Кіші топ тәрбиеленушілерімен «Түрлі түсті көбелек» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізілді. Балалар көбелектің бейнесін түрлі түсті қағаз қиқымдарымен желімдеп, өз қиялдарына сай сәндеді. Жұмыс барысында балалардың ұсақ қол моторикасы, түстерді ажырату қабілеті, зейіні мен шығармашылық белсенділігі дамытылды. Балалар үшін қызықты әрі пайдалы шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
"Су патшалығына саяхат"
21
маусым
2026
"Су патшалығына саяхат"
«Су патшалығына саяхат» атты көңілді жазғы мерекелік шара ұйымдастырылды. Балалар «Нептун күніне» арналған қызықты ойындар мен көңілді сайыстарға қатысып, суға шомылып, сабын көпіршіктерімен ойнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын түрлі ойын-сауықтарға қатысты. Шара барысында балалар сергіп, таза ауада белсенді қимылдап, достарымен бірге көңілді уақыт өткізді. Су әлеміне саяхат балаларға ұмытылмас әсер мен қуанышты сәттер сыйлады. Көңілді жазғы күн, шаттыққа толы балалық шақ және көтеріңкі көңіл
"9-мамыр Ұлы Жеңіс күні"
08
мамыр
2026
"9-мамыр Ұлы Жеңіс күні"
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні 9 мамыр – халқымыз үшін қасиетті де қастерлі күн. Бұл күн – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызды еске алып, олардың өшпес ерліктеріне тағзым ететін күн. Балабақша бүлдіршіндеріне Ұлы Жеңістің маңызы түсіндіріліп, бейбіт өмірдің қадірі мен батырларға деген құрмет туралы әңгіме жүргізілді. Балалар Жеңісті жақындатқан батырлардың ерлігін дәріптеп, Отанды сүюге, үлкендерді құрметтеуге және бейбітшілікті бағалауға тәрбиеленді. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі.
"Баланың тілін ұсақ қол моторикасы арқылы дамыту"
18
сәуір
2026
"Баланың тілін ұсақ қол моторикасы арқылы дамыту"
Баланың тілін ұсақ қол моторикасы арқылы дамыту Ұсақ қол моторикасын дамыту – баланың сөйлеу қабілетін жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Саусақ қимылдары арқылы орындалатын түрлі жаттығулар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлауын және сөйлеу белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Балалар түрлі түсті қағаздармен жұмыс жасап, ұсақ бөлшектерді сұрыптап, жапсыру және саусақ жаттығуларын орындау арқылы қол қимылдарын жетілдірді. Ойын барысында жаңа сөздерді қайталап, өз ойларын айтуға