"Әкем, анам және мен" » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қараша
2025

"Әкем, анам және мен"

ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН» БАЙҚАУЫ ❤
Отбасы — әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, мейірім мен махаббаттың мекені.
Отбасы күніне орай балабақшамызда «Әкем, анам және мен» атты көңілді де қызықты отбасылық байқау ұйымдастырылды.
Байқау барысында отбасыларымыз түрлі сайыстарға қатысып, өздерінің ұйымшылдығын, шапшаңдығын және тапқырлығын көрсетті.
Әке — отбасының тірегі
Ана — отбасының жүрегі
Бала — отбасының қуанышы
Осындай отбасылық мерекелер балалардың ата-анасымен бірге уақыт өткізіп, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығын арттыра түседі.
Қатысқан барлық отбасыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғысымызды білдіреміз!
Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, бірлігіміз бекем болсын! 🤍✨
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив