Ертеңгіліктер » Страница 2 » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЖАҢА ЖЫЛ 2026"
26
желтоқсан
2025
"ЖАҢА ЖЫЛ 2026"
ЖАҢА ЖЫЛ — 2026 Балабақшамызда балалар асыға күткен Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндеріміз мерекелік кеште әсем ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты ойындарға қатысты. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік кешіміздің сәнін келтірді. Балалардың қуанышты күлкісі мен шаттыққа толы жүздері мерекеміздің ең әдемі сәттеріне айналды. Жаңа 2026 жыл әр шаңыраққа қуаныш,
"Әкем, анам және мен"
28
қараша
2025
"Әкем, анам және мен"
ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН» БАЙҚАУЫ ❤ Отбасы — әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, мейірім мен махаббаттың мекені. Отбасы күніне орай балабақшамызда «Әкем, анам және мен» атты көңілді де қызықты отбасылық байқау ұйымдастырылды. Байқау барысында отбасыларымыз түрлі сайыстарға қатысып, өздерінің ұйымшылдығын, шапшаңдығын және тапқырлығын көрсетті. Әке — отбасының тірегі Ана — отбасының жүрегі Бала — отбасының қуанышы Осындай отбасылық мерекелер балалардың ата-анасымен бірге уақыт
25 - қазан Республика күні
24
қазан
2025
25 - қазан Республика күні
25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ!  «Қазақстаным — мақтанышым!» атты мерекелік ертеңгілігіміз жоғары көңіл-күймен өтті! Бүлдіршіндеріміз Отанға деген сүйіспеншіліктерін әнмен айтып, әсем бимен, мәнерлі тақпақтармен жеткізді. Туған жерді сүю, елін құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу — жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. 🇰🇿 Көк туымыз көгімізде мәңгі желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын! Республика күні құтты болсын! Қазақстанымыз жасай берсін!
"ТОҚТА! САҚ БОЛ! АБАЙЛА!" Еркеназ тобы
21
қазан
2025
"ТОҚТА! САҚ БОЛ! АБАЙЛА!" Еркеназ тобы
«ТОҚТА! САҚ БОЛ! АБАЙЛА!» Балабақшамызда балалардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бағытталған «Тоқта! Сақ бол! Абайла!» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер жол белгілерімен танысып, бағдаршамның түстерін ажыратуды, жолдан қауіпсіз өтуді және көшеде өзін дұрыс ұстау ережелерін үйренді. Балалар тақпақ айтып, ән шырқап, түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы жол қауіпсіздігі туралы білімдерін толықтырды. Баланың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ міндет.
"Берекелі Алтын Күз"
16
қазан
2025
"Берекелі Алтын Күз"
🍂🌾 «БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ» 🌾🍂 Күз — берекенің, молшылықтың және дархан дастарханның мезгілі! 🍎🍐🥕🍇 Балабақшамызда «Берекелі алтын күз» атты көңілді ертеңгілік пен күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. 🥰 🎶 Бүлдіршіндеріміз күз туралы ән айтып, әсем билер билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🍁 Ал жәрмеңкеде ата-аналарымыздың қолдауымен дайындалған түрлі тәттілер, жемістер мен күзгі өнімдер ұсынылып, мерекеміздің сәнін келтірді. 🥧🍎🍯 Осындай жарқын шаралар балаларға қуаныш сыйлап
1-қыркүйек  Білім күні!
01
қыркүйек
2025
1-қыркүйек Білім күні!
🌟 1 Қыркүйек — Білім күні құтты болсын! 🌟 Бүгін біздің "Еркеназ" мектепалды топ бүлдіршіндері үшін ерекше күн. Жаңа оқу жылының есігі ашылып, қызықты білім әлеміне алғашқы қадам жасалды. Балаларымызға зор денсаулық, таусылмас қызығушылық, жаңа жетістіктер мен жарқын сәттер тілейміз! Әр күндері қуанышқа, достыққа және пайдалы білімге толы болсын. 📚 Білімнің биік шыңдарын бағындырып, армандарыңызға жете беріңіздер!
Назад 1 2 Вперед