05
наурыз
2026
"АНА " АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА МАД ЖӘНЕ ЕРЕСЕК ТОП
«АНА — ӨМІР ШУАҒЫ»
Ана — әр жүректің төрінен орын алған ең қымбат жан. Ана мейірімі — шексіз, ана махаббаты — мәңгілік.
Баланың алғашқы ұстазы да, алғашқы тәрбиешісі де — ана. Оның жылы сөзі мен аялы алақаны балаға өмір бойы күш береді.
Балабақшамызда «Ана — өмір шуағы» атты мерекелік ертеңгілік өтіп, бүлдіршіндеріміз аяулы аналарына өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады.
Балалар ән айтып, тақпақ оқып, әсем билерімен аналарын қуанышқа бөледі. Әр баланың өнерінде анасына деген шынайы махаббат пен алғыс сезімі көрініс тапты.
Анаға деген алғысымыз бен құрметімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Аяулы аналар, әрдайым балаларыңыздың қуанышын көріп, отбасыңыздың шаттығына бөленіп жүріңіздер!
Ана — өмірдің бастауы, отбасының берекесі, жүректің жылуы.