"АНА " АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА МАД ЖӘНЕ ЕРЕСЕК ТОП
«АНА — ӨМІР ШУАҒЫ» Ана — әр жүректің төрінен орын алған ең қымбат жан. Ана мейірімі — шексіз, ана махаббаты — мәңгілік. Баланың алғашқы ұстазы да, алғашқы тәрбиешісі де — ана. Оның жылы сөзі мен аялы алақаны балаға өмір бойы күш береді. Балабақшамызда «Ана — өмір шуағы» атты мерекелік ертеңгілік өтіп, бүлдіршіндеріміз аяулы аналарына өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады. Балалар ән айтып, тақпақ оқып, әсем билерімен аналарын қуанышқа бөледі. Әр баланың өнерінде анасына деген шынайы махаббат