"Наурыз жыл басы" мерекелік іс-шара
«НАУРЫЗ — ЖЫЛ БАСЫ» Балабақшамызда халқымыздың ежелден келе жатқан ұлы мерекесі — Наурыз мейрамына арналған «Наурыз — жыл басы» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Наурыз — жаңарудың, берекенің, татулық пен бірліктің бастауы. Бұл күні табиғат түлеп, жаңа жыл жаңа үмітпен басталады. Мерекелік ертеңгілікте бүлдіршіндеріміз ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеді. Балалар ұлттық ойындарға қатысып, халқымыздың ұлттық құндылықтарымен танысты.