"Түстер әлемі"
«Түстер әлемі» тақырыбында кіші топ тәрбиеленушілерімен бояу сабағы ұйымдастырылды. Балалар түрлі түстерді ажыратып, дайын суреттерді гуашь бояуларымен бояды. Сабақ барысында балалардың түстерді тану, ұсақ қол моторикасын дамыту, зейінін шоғырландыру және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Әр баланың бояған суреті – оның шығармашылығы мен қиялының көрінісі.