25 - қазан Республика күні
25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ! «Қазақстаным — мақтанышым!» атты мерекелік ертеңгілігіміз жоғары көңіл-күймен өтті! Бүлдіршіндеріміз Отанға деген сүйіспеншіліктерін әнмен айтып, әсем бимен, мәнерлі тақпақтармен жеткізді. Туған жерді сүю, елін құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу — жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. 🇰🇿 Көк туымыз көгімізде мәңгі желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын! Республика күні құтты болсын! Қазақстанымыз жасай берсін!