Материалы за Қазан 2025 года » «Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
«Бағлан-2018» бөбекжай бақшасы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:060640017303
Қабылдау бөлімі:
+7(705) 316-45-34
"Әдіскер:
+7(705) 316-45-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года
25 - қазан Республика күні
24
қазан
2025
25 - қазан Республика күні
25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ!  «Қазақстаным — мақтанышым!» атты мерекелік ертеңгілігіміз жоғары көңіл-күймен өтті! Бүлдіршіндеріміз Отанға деген сүйіспеншіліктерін әнмен айтып, әсем бимен, мәнерлі тақпақтармен жеткізді. Туған жерді сүю, елін құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу — жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. 🇰🇿 Көк туымыз көгімізде мәңгі желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын! Республика күні құтты болсын! Қазақстанымыз жасай берсін!
"Ұлттық құндылық оюлар" Балалармен ұйымдастырылған іс-әрекет "Алихан" тобы
23
қазан
2025
"Ұлттық құндылық оюлар" Балалармен ұйымдастырылған іс-әрекет "Алихан"
"Алихан" ересек топ  Тәрбиеші: Ф.Жаппарова «Ұлттық құндылық – ою-өрнек» Кіші топ тәрбиеленушілерімен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Ою-өрнек» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Балалар қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен танысып, олардың ерекшеліктерін тамашалады. Түрлі оюларды ажыратып, түстерді сәйкестендіріп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Сабақ барысында балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы артып, әсемдікке, ұқыптылыққа және туған халқының мәдениетін
"ТОҚТА! САҚ БОЛ! АБАЙЛА!" Еркеназ тобы
21
қазан
2025
"ТОҚТА! САҚ БОЛ! АБАЙЛА!" Еркеназ тобы
«ТОҚТА! САҚ БОЛ! АБАЙЛА!» Балабақшамызда балалардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауына бағытталған «Тоқта! Сақ бол! Абайла!» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер жол белгілерімен танысып, бағдаршамның түстерін ажыратуды, жолдан қауіпсіз өтуді және көшеде өзін дұрыс ұстау ережелерін үйренді. Балалар тақпақ айтып, ән шырқап, түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы жол қауіпсіздігі туралы білімдерін толықтырды. Баланың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ міндет.
"Берекелі Алтын Күз"
16
қазан
2025
"Берекелі Алтын Күз"
🍂🌾 «БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ» 🌾🍂 Күз — берекенің, молшылықтың және дархан дастарханның мезгілі! 🍎🍐🥕🍇 Балабақшамызда «Берекелі алтын күз» атты көңілді ертеңгілік пен күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. 🥰 🎶 Бүлдіршіндеріміз күз туралы ән айтып, әсем билер билеп, тақпақтарын мәнерлеп айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🍁 Ал жәрмеңкеде ата-аналарымыздың қолдауымен дайындалған түрлі тәттілер, жемістер мен күзгі өнімдер ұсынылып, мерекеміздің сәнін келтірді. 🥧🍎🍯 Осындай жарқын шаралар балаларға қуаныш сыйлап